Зульфия Чиншанло Азия чемпионы атанды

Бұл туралы sports сайты мәлімдейді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Бахрейн астанасы Манама қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта Зульфия Чиншанло топ жарды.

Қазақстандық зілтемірші қоссайыс қорытындысы бойынша 220 келіні ырқына көндірді.

Зульфия әуелі жұлқа көтеуде 95 килоны еңсеріп, осы бағдарламада күміс жүлде, ал серпе көтеруде 125 келімен алтын алды.

Жалып есепте күмісті қытайлық Ю Линглонг (210 кг), қоланы өзбекстандық Нигора Абдулаева (193 кг) жеңіп алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы