Нұр-Сұлтанда "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымымен, сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" ақпараттық акциясы аясында "Хан шатыр" ОСО-да "көшпелі әлеуметтік бюро" іс-шарасын өткізді.


Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, іс-шарада қала тұрғындары мен қонақтары әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және заң кеңестерін ала алды, сондай-ақ Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының оқушылары ұйымдастырған қолөнер шеберлік сыныптарына, ойындарға, викториналарға қатысты.

Сонымен қатар, "Бақытты отбасы" атты суреттер көрмесі мен концерттік бағдарлама ұсынылды. Концерттік бағдарламаның соңында мектеп оқушылары флешмоб өткізді.


Бастама мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, ҮЕҰ мен жұртшылықтың назарын отбасындағы, оның ішінде әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне аударуға бағытталған. Ал мұндай қызықты әдіс білім беру мекемелерінде әдетте өткізілетін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы дәстүрлі әңгімелер мен лекциялардың тиімділігін арттырды, - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД ЖПҚБ аға инспекторы полиция майоры Гүлмира Шрахметова.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы