"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн": Астанада бірқатар нысан қызғылт-сары түспен жарықтандырылды
Астанада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясын қолдау мақсатында қаладағы бірқатар маңызды нысандардың қасбеттеріне қызғылт-сары түсті жарық жағылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызғылт-сары түс – жылылықтың, үміттің және ынтымақтың символы. Әлемдік қауымдастық бұл түсті әр адамның құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру және қоғамның назарын осы мәселеге аудару мақсатында қолданады.
Акция аясында елорданың танымал ғимараттары мен қоғамдық орындары ерекше реңкке боялып, тұрғындарға зорлық-зомбылық мәселесінің өзектілігін және оған қарсы күрестің маңызын еске салады.
Жарықтандырылған нысандар зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсетудің, үнсіз қалмаудың және қауымдастық болып әрекет етудің қажеттігін паш етеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
БҰҰ: 2025 жылы Ливаннан 378 мың сириялық еліне оралды
Өзгелердің жаңалығы