Зорлық көрген әйелдердің 30 пайызы отбасына оралады – статистика
Әлемдік тәжірибеге сәйкес, егер зардап шеккен адам агрессорға қайтып баратын болса, агрессиялық шеңбер үзілмейді.
Зорлық көрген әрбір жетінші әйел отбасына оралады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Жан-Сая» дағдарыс орталығының заңгері Гүлшара Сапарова мәлімдеді. Оның сөзінше, дағдарыс орталығының көрсеткіштеріне сәйкес, әрбір үшінші әйел өз отбасына оралатын көрінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес, егер зардап шеккен адам агрессорға қайтып баратын болса, агрессиялық шеңбер үзілмейді деп саналады. Біздің тәжірибе бойынша бізге 3-4 рет қайтып келетін әйелдер мен балалар бар. Ол әрине әйел адамның жеке шешімі. Отбасын сақтап қалайын деген оймен қайтып кетеді, - дейді Гүлшара Сапарова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында.
Оның сөзінше, статистика бойынша, зорлық көрген әйелдердің 30 пайызы отбасына оралады.
Ал «Дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Зульфия Байсакованың сөзінше, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталану деңгейі жоғары болғандықтан, агрессорлардың мінез-құлқын түзетуге арналған психологиялық бағдарлама әзірленген.
Оның айтуынша, психологиялық қолдау арқылы агрессорлар өз әрекетін өзгертіп, отбасындағы даулы мәселелерді жанжалсыз шешуді үйрене алады.
Тағы оқи отырыңыз: Статистика зорлық-зомбылық азайғанын айтады, ал сенім телефондары неге тыным таппай тұр?