Зияткерлік меншік құқығы жайлы семинар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы бірлесеп, «Өнеркәсіптік меншікті халықаралық тіркеу. Өнеркәсіптік үлгілерді тіркеудің Гаага жүйесі» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудың Гаага жүйесін зерттеу, сондай-ақ өнеркәсіптік үлгілерге құқықтарды қорғау мәселелері бойынша басқа елдердің тәжірибесімен танысу.

Семинардың фокус-тобы Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарының, Қазақстан Республикасы Әділет органдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік үлгілердің өтінім берушілері мен патент иеленушілері болды.

Онлайн-семинар барысында халықаралық сарапшылар өнеркәсіптік үлгілерді тіркеудің халықаралық жүйесі, Еуропа мен Германияда өнеркәсіптік үлгілерді қорғау, Ресей Федерациясында ­өнеркәсіптік үлгілерді қорғау және т.б. тақырыптарда материалдар ұсынды.

Сондай-ақ 2020 жылғы 18 қыркүйекте аталған семинар шеңберінде Қазақстан Республикасының 1999 жылғы Гаага келісімінің Женева актісіне қосылу перспективалары бойынша сараптамалық талқылаулар өткізілді.

Халықаралық сарапшылар мен семинарға қатысушылар жоғарыда көрсетілген мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, өнеркәсіптік үлгіде құқық қорғау мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы