Зияткерлік меншік объектілерінің кеден тізіліміне енгізу ережелері жеңілдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зияткерлік меншік объектілерінің кеден тізіліміне енгізу ережелері жеңілдеді, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 407-VI ҚРЗ заңымен «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінен 461-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталды.
Бұрын құқық иеленушілер зияткерлік меншігін ЕАЭО кеден шекарасы арқылы өткізу фактісін растауы керек болатын. Бұл үрдіс зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу туралы өтініш беру кезінде қарастырылған еді, - делінген хабарламада.
Комитеттің мәлімдеуінше, бұл норма құқық иелері үшін зияткерлік меншік объектілерін тізілімге қосу кезінде кедергі болатын.
Аталған норма Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімге құқық бұзушылықтары анықталған зияткерлік меншік объектілерін ғана қосуға мүмкіндік берді. Ал зияткерлік меншік объектісінің иесі, зияткерлік меншік объектісін тізілімге қосу ниетімен Қазақстан нарығына алғаш рет келгенде, өзінің зияткерлік меншік объектілеріне құқығын қорғауға мүмкіндігі болмады. Қазір кедендік тізілімге қосуға өтініш берген кезде құқық иеленушілердің Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу фактісін растайтын құжатты ұсынуы алынып тасталды, - деп хабарлады комитеттен.
Заң 17 қаңтардан бастап күшіне енді.