Зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев және зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 

Бұл рәсім Абайдың туған күніне орайластырылған. Енді биылғы жылдан бастап ақынның туған күні атап өтіледі.


Салтанатты шараға жазушылар мен ақындар Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов, Роллан Сейсенбаев, Бақытжан Қанапиянов және басқалары қатысты.

Абайдың туған күні ресми мереке болып белгіленді. Бұл күн қазақтың мәдениетін, әдебиеті мен поэзиясын бейнелейді. Президент жариялаған ұлы ойшыл және жазушының 175 жылдығы ақынның поэтикалық, философиялық еңбектерінің ғылыми-зерттеу жұмысын жандандырмақ. Абайдың мұрасы әлі зерттелу керек. Бұл ретте Ұлы Абай айтқан принциптер, яғни еңбекқорлық, білімге деген құштарлық, адамзатты сүю мен ой тазалығы туралы пікірлері өзектілігін жоймайды. Абай күні құтты болсын!, - деп жазды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасына.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы