Зираттағы вандализм: Ақтау тұрғындары дабыл қағуда
Ақтау тұрғындары Құрық ауылындағы жаңа зираттағы вандализм әрекеттеріне байланысты алаңдаушылық білдіруде.
Ақтау тұрғындары Құрық ауылындағы жаңа зираттағы вандализм әрекеттеріне байланысты алаңдаушылық білдіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғындардың айтуынша, соңғы жылдары зираттағы көрініс үрей тудырады – ондаған жыл бойы жақындарын жерлеуге келіп жүргендер қиратылған ескерткіштер, бұзылған қоршаулар және өрт іздерін көріп, алаңдап отыр. Кейбір құлпытастардың беттері өткір заттармен сызылып, гранит плиталар сынған.
Бұл табиғи құбылыс емес – бұл адамгершілікке жатпайтын әрекеттер, – дейді тұрғындар.
Тұрғындар мәселені шешу үшін әкімдікке, полицияға, прокуратураға және "AMANAT" партиясына бірнеше рет арыз жолдаған.
Қарақия аудандық әкімдігі бұл жағдайға байланысты тексеру жүргізгенін мәлімдеді. Алайда, олардың айтуынша, қасақана бұзақылық немесе өртеу белгілері табылмаған.
Зақымданулар ауа райының қолайсыздығынан, атап айтқанда қатты желден болуы мүмкін, – деді әкімдік өкілі.
Әкімдік пен құқық қорғау органдары жаңа деректер пайда болған жағдайда тұрғындарды дереу хабарласуға шақырды.
- «Заң мен тәртіп»: Астанада қоғамдық орындарда рейд өтті 22:14
- Дұрыс қойылмаған диагноз: Ақмолада емхана пациентке 1,6 млн теңге төлейді 21:49
- Үкімет бағаны тұрақтандырудың қосымша шараларын әзірлеуді тапсырды 21:18
- Степногорскіде прокуратура дәрігердің қызметтік пәтерді жекешелендіру құқығын қорғады 20:45
- «Мұсылман елдерінің НАТО-сы» құрылып жатыр. Түркия, Сауд Арабиясы мен Пәкістанның жаңа әскери одағы нені өзгертеді? 20:44
- «Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы Атырауда еңбек ұжымдарымен кездесті 20:30
- Абай облысында Аустралия университетінің филиалы ашылуы мүмкін 20:06