Өзін-өзі өртеп жіберген әйелдің жағдайы ауыр – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзін-өзі өртеп жіберген әйелдің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлады.

Бізге 1988 жылғы әйел келіп түсті. Реанимация бөліміне жатқызылды. Оның басы, мойны, денесі және қол-аяғы қатты күйіп қалған. Денесінің 85%-ы күйген, 2,3 және 4 дәрежеде күйік шалған. Жағдайы ауыр. Инфузорлық және бактерияға қарсы терапия алып жатыр. Қажетті ем-шаралар тағайындалды, - деді Шымкент қаласы гипербарилық оксигенация орталығының дәрігері Мадина Ермаханбетова. 

Шымкент қаласы полиция департаментінде осы іске қатысты "өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша бірыңғай реестрге тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, әйел бұндай қадамға жігітімен ұрсысып қалып барған болуы мүмкін, - деді Шымкент қаласы ІІД өкілі Әсел Саденова.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте әйел өзін-өзі өртеп жібергендігі туралы хабарлаған болатынбыз.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы