Зимбабвенің президенті қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зимбабвені 37 жыл басқарған президент Роберт Мугабе 95 жасқа қараған шағында қаза болды.
Бұл туралы Африканың қазіргі президенті Эммерсон Мнангагва Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Зимбабвенің негізін қалаушы және еліміздің бұрынғы президенті Роберт Мугабе қаза болды деген хабарды қайғыра жариялаймын», - деп жазды Эммерсон Мнангагва.
Роберт Мугабе Зимбабвені 1980 жылдан бастап 2017 жылға дейін басқарған болатын.
2014 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін ол әлемдегі ең жасы үлкен президент саналды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Ұлытауға босқа барған жоқ – Қазыбек Иса
Өзгелердің жаңалығы