Зимбабведе пілдер қырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір апта бұрын 11 піл өлгені белгілі болған. Олардың өлімінің нақты себебі әлі анықталған жоқ, деп хабарлады korrespondent.net.

Зимбабвенің оңтүстігіндегі Хванг қорығында тағы 11 піл мерт болды. Осылайша, соңғы жеті күнде өлген жануарлардың саны 22-ге жетті. 

Біз пілдердің неден өлгенін әлі білмейміз. Алдын ала зерттеулер жүргізген мамандар бактериялық инфекция себеп болуы мүмкін екенін айтты. Алайда бактериялардың қандай түрі екендігі әлі белгісіз, - деді Зимбабве қорық және жабайы табиғатты қорғау басқармасының өкілі Тинаше Фараво.

Ғалымдар браконьерлікті жоққа шығарады, себебі  барлық жануардың денесі сау.

Қорық әкімшілігінің хабарлауынша, екі жастан алты жасқа дейінгі пілдер тым аласа болған, сондықтан олар ағаштардың жоғарғы жағындағы жапырақтардың орнына жердегі жапырақтары мен шөптерін жеген, сондықтан патогендік бактериялар жануарлардың денесіне енуі мүмкін.

Фаравоның айтуынша, Хванг паркінің  пілдерге толып кетуі пілдер ауруын асқындыруы мүмкін.

14,6 мың шаршы шақырымдық Хванге паркі 15 мың пілді қабылдай алады, ал қазіргі күні онда 53 мың піл бар - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы