Зілзаладан аман алып қалатын құрылғылар
Жер шарында мезгіл-мезгіл жер сілкінісі, торнадо, цунами және инфрақұрылымға, мүлікке және адам өміріне зиян келтіретін күшті дауыл, табиға апаттар болып тұрады. Адамдар, табиғи апаттардан сақтану үшін де түрлі тәсілдер, дүниелер ойлап тауып жатыр. Соның бірнешеуіне тоқталып өтсек, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Джулен Шарп брондалған шарды уақытша және сенімді баспана ретінде ойлап тапты. Ол шарда бір адам немесе отбасы табиғи апат кезінде паналап, өмірін сақтап қала алады.
Фото: building-tech.org
Капсулада екі кішкентай терезе бар, соның арқасында ішіндегі адамдар сырттағы жағдайды бағалап, айналада не болып жатқанын көре алады. Осылайша, шардың ішіндегі адам сырттағы жағдай тұрақталып, өмірге төнген қауіп сейілген кезде сыртқа шыға алады.
Капсула суға батып кетпей оның бетінде қалып жүреді. Сондықтан адамдар цунами немесе ірі су тасқынында батып кетпейді. Ол аударылып кетпейді және үнемі өз орнын сақтайды.
Видео: building-tech.org
Шарда металдың бірнеше қабатынан және болат жақтаудан жасалған берік алюминий қабаты бар, сондықтан ол ішіндегі жылуды тамаша сақтайды және гипотермия қаупін азайтады.
Төзімді жақтау жоғары қысымға төтеп бере алады, басқа затпен соқтығысқанда капсула майысып қалмайды, ол тіпті үстіне үй құлап кетсе де төтеп береді екен.
Бірнеше жыл бұрын Жапонияның Сасебо қаласында цунамиге төтеп бере алатын капсулалық қонақ үй жұмыс істей бастады. Бұл қонақтардың сыртқы факторларға қарсы қауіпсіздігіне кепілдік беретін әлемдегі алғашқы қонақ үй болды.
Шар тәріздес футуристік қонақ үй голландиялық Huis Ten Bosch (Нагасаки) саябағында орналасқан. Бір капсуланың ауданы шамамен 28 шаршы метр. Ол бір уақытта 2-3 адамды қабылдай алады. Қалқып тұратын капсуланың бірінші қабаты - тұрғын үй кабинасы. Екінші қабат – шыны күмбезбен көмкерілген бақылау палубасы. Осы жерден түнгі аспанның тамаша көрінісін көресіз. Капсулалық қонақүйде жайлы тұруға қажетті барлық жағдай бар – дәретхана, төсек, теледидар, душ.
Фото: countryscanner.ru
Қатты жер сілкінісі кезінде адам өмірін сақтап қала алатын тағы бір өнертабыс туралы айтуды жөн көрдік.
Жер сілкінісі болған жағдайда ресейлік өнертапқыш Дахир Семеновтың саркофаг төсегі ғимарат толығымен құлап кетсе де, адамның өмірін сақтап қалады.
Сыртқы жағынан, берік металл құрылымы қарапайым төсекке ұқсайды. Жер сілкінген кезде оның ұйықтайтын орны автоматты түрде ашылып, адам ішке түседі, содан кейін қақпақ автоматты түрде жабылады.
Саркофагтың ішінде респиратор, медициналық құралдар, сондай-ақ азық-түлік пен судың жеткілікті қоры бар.
Youtube қолданушысы қақпақ жабылған кезде адамның қолын, не аяғын қысып қалмай ма деген сауалдар қойған екен.
Оған өнертапқыш "Кеует контроллермен басқарылады және оның сенсорлары бар, адам төмен түскен кезде барып қана төсек толық жабылады" деп жауап берген екен.
Адамдарды табиғи апаттардан сақтап қалатын капсула, төсектер тағы басқа құрылғылардан бұрын да ғалымдар адам өмірін сақтап қалу үшін еңбек еткен.
Эффект капсуласы дегеніміз не?
Бұл жапон ғалымдарының ойлап тапқаны. Ол тек жер сілкінісі кезінде ғана емес, цунами кезінде де адам өмірін сақтай алады, капсула суға батпайды.
Фото: krisha.kz
Капсула материалы өте берік және шамамен 20 тонна қысымға төтеп бере алады.
Капсулаға төрт адам сыяды.
Капсуланың диаметрі 1 метр 20 сантиметр. Салмағы - 80 келі.
Бұл пәтерде немесе үйде аз орын алады. Жай уақытта оны балалар ойын алаңы ретінде пайдалануға болады.
Мұндай капсула бүгінде 2,5 миллион теңге тұрады.
Оның өлшемдеріне байланысты ол есіктен өтпейді, сондықтан оны пәтердің ішіне кран жалдап, терезе арқылы кіргізіп қоя аласыз.
Видео: krisha.kz
Алматылық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы және өнертапқыш Сергей Старков 2000 жылдардың басында, өзінің дизайны бойынша иілмейтін металл модулін жасаған. Бұл негізгі қабырғаға бекітілген металл қаңқаға негізделген лифт кабинасының өлшеміндегі шағын, берік кабина. Құрылымның өзі тормен жабылған, ал сыртқы жағынан оны ағаш шкаф ретінде жасырып қоюға болады.
Үй құласа да, мұндай модуль қабырғаға ілініп қалады, тіпті төбе құласа да, қабырғамен бірге құлап, оның ішінде аман қалу мүмкіндігі жоғарырақ, - деді сарапшы.
Старковтың айтуынша, мұндай модульдің ішінде қажетті өмір сүру қобдишасын орналастыру үшін жеткілікті орын бар: жылы киім, алғашқы медициналық көмек қобдишасы, құжаттар, су сүзгілері, күрек, киім, қабылдағыш және бірнеше күндік азық-түлік қоры.
Израильдік студент Артур Брутер жер сілкінген кезінде бұдан да көп адамды құтқаруға болатынына сенімді. Дипломдық жобасының аясында ол жер сілкінген кезде төтеп беретін үстел ойлап тапты.
Дипломдық жоба аясында ол құлаған төбенің блоктарына сынбай төтеп беретін жер сілкінісіне төзімді үстел ойлап тапқан.
Фото: universemagazine.com
Үй қираған кезде үйінді астындағы адамдарды мүмкіндігінше тезірек табу керек. NASA-мен байланысқан ғалымдар он жыл бұрын үйінді астынын адамды тез арадатауып алатын құрылғы ойлап тапты. FINDER құрылғысы үйінді астындағы шамалы болса да қыбырды «сезуге» қабілетті.
Сонымен қатар ғалымдар қазір үйінді астынан адамдарды іздеуге тышқандарды да қолданып жатыр.
1963 жылы неміс Дитер Шмид пластикалық үй жасап шығарған. Оның үйі толығымен тасымалдауға оңай жиналмалы құрылымдардан тұрды, соның арқасында үй иесі көшкен кезде үйді бірге жинап алып кете алатын болды.
Үйдің қабырғалары шыны талшықты арматураланған пластмассадан жасалған 2,26 х 2,96 метр өлшемді төртбұрышты элементтерден жасалған. Олардың ішінде есіктер мен терезелерді орнатуға арналған нишалар болды. Төбесі мен едені 2,26 х 2,26 метр өлшемді төртбұрышты элементтерден жасалған. Оқшаулау рөлін ДСП жабылған көбіктелген полиуретан орындады. Бөлмелердің схемасы ашық болды. Ішкі қабырғалар құммен толтырылған ағаш құрылымдар болды, оны үйдің иесі өз қалауы бойынша орнатты.
Фото: ecohub.ru
Дитер Шмид осындай пластик үйде отбасымен бірге 11 жыл тұрды. Ол үйде тіпті қыста да жылы болған. Үй 1975 жылы сатылып кетіп, кейін оны бұзып тастаған.
1969 жылы Германияда тағы бір пластиктен жасалған зәулім үй тұрғызылды.
Дизайнер Вольфганг Файербах ең аз тігісі бар шыны талшықты панельдерден жасалған үй идеясын ойлап тапты. Көп ұзамай қабырға панелінің бірінші үлгісі жасалды, оның үстіне америкалық жүк көлігін қою арқылы беріктігі тексерілді. Материалдың берік екенін көз жетті. Осыдан кейін үйдің құрылысына 10 шатыр және 26 қабырға панелі шығарылды.
Фото: ecohub.ru
Құрылысқа 12 жұмысшы қатысып, ғимараттың қаңқасын құрастырып, қасбетіне алюминий профилінен сырғымалы терезелер орнатқан. Оқшаулағыш ретінде қалыңдығы 8 см қалың көбік полиуретанды қабаты пайдаланылды.Төбенің элементтерінде мұржа және жаңбыр суын ағызатын тесіктер болды. Үйдің іші, оның ішінде жиһаздары да пластиктен жасалған. Бүгінде үй әлі де тамаша күйде. 40 жылдан астам уақыт ішінде құрылым ғимараттың сыртқы қабығын жууды есептемегенде, ешқашан жөндеуді қажет етпеген. Қазіргі уақытта оны Вольфганг Фейербах отбасы бизнес кеңсесі ретінде пайдаланады.
Сұранысқа қарай ұсыныс, бұл қорғаныс құралдары адам өмірін сақтап қана қоймай, пайда табудың көзі екенін де ескергеніміз жөн.