Зидан "Реалдан" кететінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан ойыншыларға маусымның соңында командадан кететінін айтты, деп хабарлайды Goal.
Француз маманы бұл шешімін "Севильямен" болатын матч (2:2) алдында жариялаған.
Бірқатар ақпарат көздеріне сүйенсек, 48 жастағы маман психологиялық және физикалық күйзелістен шаршаған. Ол клубтың чемпион болған-болмағанына қарамастан командадан кеткісі келеді.
Зидан "Реал Мадридті" 2019 жылдың наурызынан бастап жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен мадридтік клуб өткен маусымда Испания чемпионы атанды.
36 матчта 78 ұпай жинаған мадридтік клуб Испания чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында. 80 ұпай жинаған "Атлетико Мадрид" көш бастап тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейде кәріз қақпақтарын ұрлаушылар ұсталды
Келесі жаңалық
Вирустық гепатиттен қалай қорғануға болады – дәрігер кеңесі
Өзгелердің жаңалығы