"Жынданып, айғайлайды". Нүкенованың құрбысына жазған хаты жарияланды

Бишімбаевтың сотында марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысына жазған хаттары оқылды. Онда ол айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың өзін қалай ұстағанын айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол мүлдем ұйықтамайды. Ылғи параноидты ойлайды. Менен бірдеңе сұрап, кейін сандырақтайды. Тыңдамасам жынданып, айғайлайды. Мен екі тәулік бойы ұйықтамағанымды түсіндіргім-ақ келеді. Бірақ ол "демек, саған бәрібір" дейді. Шынымды айтсам, мен оны аяймын. Ол жаралы адам, ауру. Мен оған көмектескім келген, бірақ мен өз-өзімді өлтіріп тынатын сияқтымын, - деп жазған Нүкенова құрбысына.

Сондай-ақ Нүкенова дүниеге бала әкелуден қорқатынын және некеге заңды түрде отырғысы келмейтінін жазған. Кейін құрбысы "бұрынғы әйелінің де жағдайы осындай болған ба?" деп сұраған.

Иә, ол кезде күні бойы жұмыста болған. Қазір 24 сағат бойы менің қасымда. Одан басқа ешкіммен сөйлеспеймін, шаршап кеттім. Ол әр қадамымды аңдиды, - деді Нүкенова.

Бұған дейін Салтанат Нүкенованың тағы бір хаты жарияланған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы