Жылжымайтын мүлік кепілін 1 күннің ішінде тіркеуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халыққа онлайн режимде есеп беру кездесуінде Әділет министрі Марат Бекетаев жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу мерзімі қысқартылғанын айтты.
Енді банктер меншік иесімен кепіл шартын жасасқаннан кейін оны электрондық тіркеуге жібере алады, бұл азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуін тоқтатады. Кепілді тіркеу мерзімі үш жұмыс күнінен бір жұмыс күніне дейін қысқартылды, - деді Әділет министрі.
Министр атап өткендей, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл жүйені қолдану азаматтарға бір өтініш негізінде жер учаскесіне құқықты тіркеуге мүмкіндік береді. Осылайша, қызметтерді көрсету мерзімдері мен тиісінше азаматтардың қаржылай шығындары азаяды.
Ол сонымен қатар мемлекет кепілдік беретін заң көмегінің көлемін 2 есе ұлғайту жоспарланып отырғанын айтты.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасын арттыру мақсатында биылдың наурыз айынан бастап республика бойынша «Е-заң көмегі» Ақпараттық жүйесі пилоттық режимде енгізілді.Бүгінгі таңда тергеу органдары мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында 1 042 адвокатты тағайындады. Жобаны іске асыру адвокаттарды тағайындау және олардың еңбегін төлеу процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді, -деді Бекетаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елтаңба намыстан туды – Жандарбек Мәлібеков
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы