Жылыжайы жылына 3,5 мың тонна өнім беретін кәсіпкер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам ауданында 2019 жылы іске қосылған «Ecoinvest S A» ЖШС жылыжай кешені 11 гектар жерден жылына 1500 тонна қияр, 2000 тонна қызанақ өндіруде. Жылыжайда қысқы маусымда - 150, жазда - 250-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.
Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылында орналасқан аталған жылыжай - «Жыл үздігі – 2020» номинациясында «Үздік инвестор» деп танылған. «Ecoinvest S A» ЖШС-ң басшысы Мурат Гелашвили алдағы уақытта кешен аумағын ұлғайтпақ.
Айта кетейік, жылыжай өнімі ел аумағында нарыққа шығарылып, Ресейге экспортталады. Бүгінде отандық өнімге деген сұраныс жоғары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Рейд. Шымкент 15 күнде 58 рет тексерілді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы