Түркістан облысында 21 гектарға жылыжай кешені салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында Түркістан облысының әкімдігі мен POLCOTTON LTD поляк компаниясы арасындағы 27 млн долларға Сайрам ауданында аумағы 21 гектарды құрайтын жылыжай кешенін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум түзілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жабық алқап түгелдей жоғары технологиямен жабдықталады. Ауқымды жоба екі кезеңге бөлінген. Алғашқы кезеңінде 11 гектар жылыжайды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал екінші кезеңде тағы 9,5 гектары салынады. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынған. Инвестициялық келісімшарт жасалып, қажетті құралдары жеткізілген.
"Жалпы 2017 жылдан бастап, инвестициялық қызметті әртараптандыру шеңберінде, Cottonex компаниялар тобы, Түркістан облысы Сайрам ауданында жоғары технологиялық жылыжай кешенін салу жөніндегі ауқымды жобаны іске асырған", - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Келер жыл еріктілерді қолдауға арналады – Президент
Өзгелердің жаңалығы