Жылыту маусымына дайындаламыз: Министрлер биыл демалысқа шыға ма?

Министрлер Әлібек Қуантыров пен Алмасадам Сәтқалиев биылғы демалыстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында тілшілер ведомство басшыларынан биыл демалысқа қашан шығатындарын сұрады. Себебі Президент жылыту маусымына мұқият дайындалу қажеттілігін ескертіп, Астана әкімдігіне жазда демалысқа шығудың реті жоқтығын айтқаны белгілі.

Әзірге биыл демалысты жоспарлаған жоқпын. Былтыр да шықпадым, - деп жауап берді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев те әзірге демалыстың реті жоқ деп отыр.

Мен де әзірге демалыс туралы ойламадым. Үкімет тарапынан бекітілген кестеге сәйкес болады, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы