Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы қашан аяқталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сырттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы плюс 10°С деңгейінде бес күнтізбелік күн бойы тұрақты болған жағдайда жылы беру аяқталады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Қала басшылығы «Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу туралы» шешіміне сәйкес, сырттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы плюс 10°С деңгейінде бес күнтізбелік күн бойы тұрақты болған жағдайда Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органы (мәслихаты) жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды.Нұр-Сұлтандағы жылыту маусымы әдеттегідей жүріп жатыр. Жылу желілерінің температуралық режимі бекітілген режим картасына сәйкес ұйымдастырылуда. Энергия көздері стандартты отынмен қамтамасыз етілген.
«Жылыту маусымының басынан энергия көздерінде, сондай-ақ жылу, электр және су беру желілерінде апаттар мен 1-дәрежелі апаттар орын алған жоқ. Әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық нысандарда жылыту маусымы үзіліссіз жүруде, ғимараттардағы температура режимі қалыпты диапазонда, жылу энергиясын жеткізу стандарттарға және жылу жүктемелеріне сәйкес келеді», - деп мәлімдеді отын-энергетика кешені мен коммуналдық шаруашылық басқармасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтандық полицейлер ант қабылдады
Өзгелердің жаңалығы