Жылыойға маңғыстаулықтардан көмек жеткізілді

ТШО компаниясынан тағы 45 мың және Маңғыстаудың тұрғындарынан 2000 қапшық жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Жылыойдағы қарғын суға қарсы күрес үшін қазір ТШО компаниясының мердігерлерінен тағы да 45 қапшық келді. Сондай-ақ 15 рулон целлофан, 5 күрек және 5000 қолғап жаға бекіту жұмыстарында жүргендерге таратылды. "ЕSS" мекемесі 18 мектептегі арнайы пунктті паналағандарға 500 кешкі ас таратты. Ертең оның көлемі 2000-ға жетеді, - делінген ақпаратта.

Маңғыстау облысының тұрғындары да сын-сағатта шетте тұрмады. Олар үйіндегі қапшақтарын тиеп, екі Газель көлігімен 2000 қапшық жіберді. Бұдан бөлек 2000 қолғап пен 50 күрек келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы