Жылыойдан 900 мың текше метрге жуық су шығарылды

Жылыой ауданында су тасқыны басталғаннан бері 900 мың текше метрге жуық су шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тасқыннан кейінгі қаладағы суды сору жұмыстарына еліміздің түрлі аймақтарынан қосымша күш тартылуда:

- Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімі, 
- Маңғыстау облысы ТЖД, 
- Алматы облысы ТЖД, 
- Атырау облысы ТЖД

Қазіргі уақытта Құлсары қаласын судан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр, оған 7 тіркеме және 21 тасымалданатын мотопомпалар, 1 ПНС-200, 1 - СНП-500, 3 ПНС-110 және 1 АР-2, 51 вакуум, 3 вакуум "Суперсакер" тартылды. Қазіргі уақытта жіберілетін судың жалпы көлемі 887 219 м3, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы