Жылыойда теріарқылы коронарлық араласу орталығы ашылды
Жылыойда теріарқылы коронарлық араласу орталығы ашылды. Орталықта 34 ота жасалынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның ішінде 15 науқасқа стенд (стентирование) қойылып, 19 науқасқа коронография жасалды. Бұл орталықта бір профессор, бір интервенционный кардиолог, кардио реаниматолог, төрт орта буын қызметкері жұмыс істейді.
Жылыойда ашылған орталықтың басты ерекшелігі — осы жоғары технологиялық медициналық қызметтерді тек ірі қалаларда ғана емес, шалғай аудандарда да тұрғындарға ұсыну.
Орталықтың ашылуы жүрек ауруларының алдын алу мен емдеуді жеңілдетіп, уақытында көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күрделі хирургиялық араласуларды жергілікті жерде жүргізу аурудың асқынуын болдырмауға, науқастарды көшіру кезінде болатын қауіптерді азайтуға септігін тигізеді.
Орталық заманауи аппараттармен жабдықталған. Атап айтқанда ангиограф, дефибриллятор, кардиомонитор және өкпені жасанды желдету құрылғылары бар.