Жылыойда су алған 2798 үйдің 12-сінен су кетті

Бұл туралы ОКҚ-да Атырау облысының өкілі Айсұлу Хасанғалиқызы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атырау облысының Жылыой ауданында тәулік ішінде Жем өзенінің су деңгейі 15 сантиметрге түсіп отыр.

Су тасқыны басталғалы бері түскен судың деңгейі 107 сантиметрді құрады. Су тасқынының салдарын жою үшін Жылыой ауданында 6052 адам жұмыс істеп жатыр. 219 бірлік техника, 17 бірлік жүзу құралдары жұмылдырылды, - деді ол.

Бірақ ауданда жаға бекіту жұмыстары әлі тоқтаған жоқ.

Соңғы деректер бойынша аудан орталығында суға кеткен үйлер саны 2798-ді құрап отыр. Бүгінде тек 12 үйден су кетті. Аудан төңірегінде облыстық маңызы бар Доссор–Құлсары–Атырау–Ақтау тас жолын су шайып кетті. Ауданнан 36738 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 8382 бала бар. 10 мыңнан астам төрт түлік мал қауіпсіз жерге шығарылды, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы