Жылыой ауданындағы тасқын салдарын қалай жойып жатыр

Тасқын судың салдарын жою үш бағытта, су сору, дезинфекция, бүлінген инженерлік-коммуникациялық жүйелерді қалпына келтіру бағыттарында жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы мәліметтер бойынша, Құлсары қаласында барлығы 1821 үйде судан құрғату жұмыстары жүргізілді. Бұл бағытта 200-ден астам адам, 69 техника жұмылдырылуда.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың айтуынша, су басқан аумақтарды құрғату жұмыстары үзіліссіз жалғасуда.

Су басқан аумақтарға дезинфекция жасаумен қазіргі таңда екі компания айналысып жатыр. Залалсыздандыру жұмыстары тұрғын үйлермен қатар, әлеуметтік нысандарға, қоғамдық орындарға жасалып жатыр. Тасқыннан зардап шеккен 2920 үй толықтай залалсыздандырылады. Бүгінгі таңда мыңнан астам абонентке ток көзі, газ берілді, - деді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы