Жылыой ауданында су басқан үйлерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

Жылыой ауданындағы қоғамдық штаб өкілдері су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді жалға алған азаматтарға көмектесуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жылыой ауданы қоғамдық штабының төрағасы Ербол Дәулетбаевтың айтуынша, мұндай азаматтар жеке топқа бөліп алынды, себебі негізгі материалдық көмекті үй иесі алады, ал жалға алушылар тыс қалады. Азаматтардың бұл санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.  

Барлық су басқан үйлерді дезинфекциялау және бағалау жұмыстары жүргізілуде, - деді спикер.

Жылыой ауданындағы штаб 14 сәуірде құрылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы