11 Маусым 2024 2024, 17:07
Фото: - архив
Жылыой ауданында «Сергек» камерасы қайта қосылды
Жылыой ауданында «Сергек» камерасы қайта қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жылыой ауданында «Сергек» камерасы қайта қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Жылыой ауданы аумағында «Сергек», «Аркан», «Интегра» құрылғылары 10-шы маусымнан бастап толықтай іске қосылды.
Еске сала кетсек, Атырау облысындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай бойынша жедел штабтың шешімімен, Құлсары қаласында тасқын кезінде 4 сәуірден бастап «Сергек» бейнекамералары автоматты түрде өшірілген болатын.
Қазіргі уақытта Жылыойда жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылған бейнекамералар саны – 800.