Жылыой ауданында құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр

Атырау облысы Жылыой ауданында авариялық құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Тәулігіне 204 444 текше метр су сорылды. Су тасқыны басталғалы 4 521 719 текше метр су сорылды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейіне қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы