Жылыой ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына мониторинг жүргізілуде

Құлсары қаласында азық-түлік дүкендері, базарлар, әмбебап маркеттерде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

Атырау облысы сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бас маманы Сәбит Сүлейменовтің айтуынша, облыста әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік түрлеріне шекті баға бекітілген.

Баға өсімі анықталған жағдайда тұрғындар Е- өтініш платформасы немесе Атырау облысы сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне шағымдана алады.

Аталған мониторинг жұмыстары қала, аудандарда апта сайын өтіп тұрады. Ондағы мақсат - нарықтағы бағаны бақылау, - деді спикер Сәбит Сүлейменов.

Еске сала кетелік, Құлсары қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері "Лидер" әмбебап маркетінің екі нүктесі арқылы қолжетімді бағада сатылуда. Қазіргі уақытта Құлсары қаласында азық-түлік сатумен айналысатын 150-ге жуық сауда нүктесі жұмыс істеп тұр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Өзгелердің жаңалығы