26 Шілде 2025 2025, 01:29 Фото: istockphoto.com

Жылу трассасындағы жарылыс: Қостанайда 87 көпқабатты үй ыстық сусыз қалды

Қостанай қаласында жылу трассасындағы апат салдарынан 87 көпқабатты тұрғын үйге уақытша ыстық су беру тоқтатылды.

Қостанай қаласында жылу трассасындағы апат салдарынан 87 көпқабатты тұрғын үйге уақытша ыстық су беру тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"КТЭК" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметінің мәліметінше, Тәуелсіздік даңғылы бойымен өтетін диаметрі 500 мм ТМ-2 жылу магистралінде ақау орын алған. Салдарынан жүздеген тұтынушы ыстық судан уақытша ажыратылды.

Қазіргі уақытта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ыстық сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру және қайта іске қосу 26 шілде күні сағат 18:00-ге дейін жоспарланған, – делінген ресми хабарламада.

Коммуналдық кәсіпорын өкілдері тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауға шақырды.