«Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы әзірленді

Қазақстанда «Жылу энергетикасы туралы» заң қабылданады деп күтілуде, ол өңірлерді жылумен қамту мәселелерін  шешуге назар аударуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Алматы облысының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Заң шеңберінде электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу мен сатуды, сондай-ақ нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарықты енгізуді көздейтін нарықтың жаңа нысаналы моделіне көшу көзделеді. Бұл шаралар энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді азайтуға және жаңа энергия көздерінен жоғары тарифтердің әсерін теңестіруге мүмкіндік береді.

Вице-министрдің айтуынша, жөндеу науқандары мен инвестициялық бағдарламаларды қатаң бақылауды қамтамасыз ету бөлігінде энергетикалық қадағалау комитетінің рөлі күшейеді.

Жоғары тозуды төмендету мақсатында «инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы қабылданады, ол энергия және жылу өндіруші ұйымдардың қолданыстағы активтерін қайта құруға, жаңғыртуға және кеңейтуге мүмкіндік береді.

2023 жылдың 1 тоқсанында еліміздің барлық ЖЭО аудиті аяқталады, бұл проблемаларды және олардың қазіргі техникалық жай-күйін анықтайды.

2022 жылдың 11 айында Алматы облысында электр энергиясын өндіру көлемі 6 млрд кВтсағ құрады. Бұл ретте тұтыну 10,2 млрд. кВтсағ құрайды.

Сонымен қатар, Жандос Нұрмағанбетов Алматы облысының жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Бүгінгі таңда өңір республикада ЖЭК қуаты бойынша 2 орын алады немесе 23 объекті өндіретін 419,2 МВт, оның ішінде қуаты 196,5 МВт 11 ЖЭС, қуаты 206 МВт 6 ГЭС, қуаты 160,35 МВт 6 күн электр станциясы.

2025 жылға дейін қуаттылығы 123,2 МВт 12 нысан, оның ішінде қуаттылығы 64,95 МВт 3 ЖЭС, қуаттылығы 51,8 МВт 7 ГЭС, қуаттылығы 6,4 МВт 2 биоэлектростанция салу жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы