14 Қазан 2026, 19:23
Фото: видеодан алынған кадр
Жылқыны көлікке байлап сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды
Әлеуметтік желілерде Шымкентте жүргізушінің жылқыны автокөлікке байлап, көлікпен сүйрегені түсірілген бейнежазба тарады.
Аталған жағдай бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Тексеру барысында жылқыдан ешқандай жарақат анықталған жоқ.
Оқиғаға байланысты азамат жануарларға қатыгездік көрсету және оларды тасымалдау қағидаларын бұзу деректері бойынша жауапкершілікке тартылды.
Полиция азаматтарды жануарларды тасымалдау кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.