Жылқы ұрлаған қылмыскер 8,5 жылға сотталды
Алматы облысында жылқы ұрлаған адам 8,5 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Ол жергілікті тұрғынның 30 бас жылқысын айдап кеткен. Бұл туралы Ішкі Істер министрлігі мәлімдеді. Былтыр қыркүйек айында ауыл азаматы малының табылмауына байланысты аудандық полиция бөліміне арызданған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бір үйір жылқының Жамбыл облысы, Меркі ауданына сатылғаны анықталған. Сәйкесінше барымташы да ұсталған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 12 миллион теңге.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы