Жылқы еті, туризм мен бизнес: Жапондар Қазақстан туралы не ойлайды
Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ииджима Ясумаса қазақтар мен жапондар ұқсайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Редакциямыз елшіден Қазақстан мен Жапония арасындағы серіктестік қалай дамып жатқанын сұрады.
Жапония Қазақстан экономикасының кең ауқымды салаларына белсенді түрде инвестиция салады. Атап айтқанда, негізгі бағыттар – минералды ресурстар және машина жасау. Жапондық компаниялар мұнай кен орындары мен уран өндірісін игеру, сондай-ақ автомобильдер мен тау-кен техникасын сату және бөлшек саудаға шығу үшін нарыққа кіріп жатыр. Болашақта JCM (Бірлескен кредиттеу механизмі) арқылы экология және энергетика салаларында жобаларды ілгерілету күтіліп отыр, - деді дипломат.
Сонымен қатар сөзінше, көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу бойынша ынтымақтастық жапондық ең жаңа технологияларды енгізу арқылы одан әрі нығая түседі.
Ииджима Ясумаса жапондықтарға Астана мен Алматы ұнайтынын айтады.
Соңғы жылдары Қазақстан үкіметі туризмге ерекше көңіл бөліп келеді, ал елдің туристік индустриясы үлкен әлеуетке ие. Жапондықтар негізінен Алматы мен Астананы біледі, ал Қазақстанда болып қайтқан туристерге бұл қалалар қатты ұнаған. Келесі жылдың көктемінде "Air Astana" әуе компаниясы Жапония мен Қазақстан арасында тікелей әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр. Біз екі ел арасындағы туризмнің дамуына үміттенеміз, - деп қосты жапон дипломаты.
Елші қазақтар мен жапондар бір-біріне ұқсайтынын айтты. Ол егер қазақтар Жапонияға барса, оларды өздері сияқты жапон деп деп ойлап қалуы мүмкін дейді.
Мен Қазақстанның ұлы тарихы мен мәдениеті бар деп санаймын. Университетте оқып жүргенде мен Азия елдерінің тарихына мамандандым және көшпенділердің даңқты хандығы туралы оқыдым. Елші қызметінде жүргеніме бар болғаны екі ай болды, сондықтан тек Алматы мен Астанада болдым. Бірақ міндетті түрде басқа өңірлерге де барғым келеді. Жалпы қазақтар мен жапондардың бет-әлпетінде ұқсастық бар, сондықтан Токиода серуендеп жүрген қазақ халықтың арасында көзге түспейді деп ойлаймын, - деді Ииджима Ясумаса.
Оның сөзінше, жапондар да қазақтар сияқты жылқы етін жейді.
Қазақстанда жиі тұтынатын жылқы еті Жапонияда да танымал. Ең үлкен айырмашылық – Жапонияда жылқы етін көбіне шикі түрде жеп, соя соусы мен сарымсақпен бірге ұсынады, - деп айтты елші.
Еске сала кетейік, бұған дейін елші биыл Жапония мен Қазақстан саяси, экономикалық, мәдени және адами байланыстарды белсенді түрде нығайтатынын айтқан еді.