Жылдың үздік төрешісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық "Қайрат" пен талдықорғандық "Жетісу" арасында өткен футзалдан 2019 жылғы Қазақстан кубогі финалының алдында жылдың үздік төрешісі марапатталды, деп хабарлады Prosports.kz.
2018-2019 жылғы маусымның үздік төрешісі атағын Талғат Қосмұхамбетов алды. Жүлдені ҚФФ бұқаралық футбол департаментінің директоры Ерлан Жамантаев табыстады.
Айта кетерлігі, Талғат Қосмұхамбетов бұл жүлдені қатарынан төртінші жыл алып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы