Жылдық инфляция 6,7% болды – Досаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бүгін өткен Үкімет отырысы барысында айтты.
Биыл жылдық инфляция 2020 жылға арналған 4-6% нысаналы дәлізінен жоғары қалыптасып, 6,7% болды. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсімі – 10,7%-ға дейін жылдамдатылды. Бұл – 2016 жылдың қазан айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Айлық өсім жоғары қалпында сақталды. Алайда, жекелеген азық-түлік өнімдері бағасының өсу қарқыны тұрақталып келеді. Атап айтқанда, ет пен ет өнімдерінің бағасы 1,3%-ға дейін, жарма бағасы 2%-ға дейін. Азық-түлік тауарлары бағасының биыл наурыз-сәуір айларындағы жоғары көрсеткішінен кейін 1,2%-ға төмендеуі байқалды, - деді ол.
Ерболат Досаевтың айтуынша, азық-түлікке жатпайтын тауар бағасының жылдық өсімі - жанар-жағармай бағасы 5,3%-ға дейін бәсеңдеді.
Ақылы қызметтің жылдық инфляциясы бір айда төтенше жағдайда іріктелетін коммуналдық қызмет тарифтерінің уақытша азаюынан 3,5%-дан 3%-ға дейін төмендеді. Мамыр айында тарифтер 3%-ға жылдық көрсету бойынша 1,9%-ға дейін бәсеңдеді. Бағалауымыз бойынша, биыл жылдық инфляция 4-6%-дық нысаналы дәлізден жоғары қалыптасады және Brent маркалы мұнайдың бір баррелі үшін 35-40 АҚШ долларын көздейтін базалық сценарийге сәйкес 8,0-8,5% болады. 2021 жылы айырбастау бағамының ішкі бағаларға ауысу нәтижесінің аяқталуына және ішкі экономикадағы жағдайдың тұрақтануына қарай жылдық инфляция нысаналы дәліздің жоғары шегіне біртіндеп бәсеңдейді, - деді ол.Айта кетейік, бүгінгі ҚР Үкіметі отырысында 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылу жайы қозғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы