Үш жылда 46 бала терезеден құлаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаз күндері басталысымен балалардың терезеден құлау фактілері жиілеп кетті.

Бұл біріншіден толықтай ашық қалған терезелер мен ата-аналардың салғыртғына байланысты. Ата-аналардың бірнеше минуттық бейжайлықтары қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін.

Терезеден құлау жағдайларың жиілеуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар деператаменті көшпелі брифинг өтті. Құтқарушылар осындай оқиғалардың алдын алу іс-шараларын тұрақты түрде өткізіп отырады, тұрғындармен қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы үгіт материалдарын таратумен және балаларды қараусыз қалдырмау туралы ұсыныстармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Көп жағдайда 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсінетін жаста емес.

Балалардың терезеден орын алуы жағдайларының статистикасына сүйенсек соңғы үш жылда елордада балалардың терезеден құлауының 46 оқиғасы тіркелді, ағымдағы жылдың басынан 1 бала қаза болды (бұл жағдай наурыз айында болды, он қабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан 2018 жылы туған бала құлап кетті). Көбінесе барлық жағдайлар балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру себебінен орын алады, - деп атап өтті БАҚ өкілдерінеТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Бауыржан Сыздықов.

Сондай-ақ, терезенің москитті торлары балалар үшін өте қауіпті. Бүгінгі күні терезені кеңінен ашқан кезде орнатылатын арнайы жабдықтар арқылы ғана қайғылы жағдайлардың алдын-алуға болады.

Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыз. Егер балаңыз бөлмеде болса, терезені және балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы жақтағы желдеткіштерді немесе тік желдету режимін пайдаланыңыз. Егер Сіз балаңызға терезеден бір нәрсе көрсететін болсаңыз, оны мықтылап ұстаңыз, баланың шұғыл қимылдарына дайын болыңыз, алақанды құрғақ ұстаңыз, баланы киімнен ұстамаңыз. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйретіңіз. Ересек балаларға өзінен кіші балаларға қарауын үйретіңіз - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Балаларды сақтаңыздар!!!

Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметіне 112 нөмірі бойынша дереу қоңырау шалыңыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы