Жылқы көрмесі ең әуелі елімізде қандай тұқымдар барын көрсетті – профессор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Атқа міну мәдениетін дамыту мақсатында және Луговой жылқы зауытының құрметіне өткізіліп жатқан жылқы көрмесі – ең әуелі халықтың елімізде қандай жылқы тұқымдары бар екенін білу үшін керек.

Бұл туралы жылқы көрмесінің қазылар алқасының мүшесі жылқытанушы ғалым, профессор Қайрат Исхан айтты.

«Елімізде алғаш рет өтіп жатқан көрмеде Қазақстанда кездесетін жылқы тұқымдарының оннан астам түрі көрермен назарына ұсынылып жатыр. Мысалы, фриз, ахалтеке, ағылшын, ауыр жүк артатын жылқы және понилар біздің халық үшін таңсық тұқымдар. Біздің елде мұндай жылқы бар екенін білетіндер аз. Бүгінгі көрме арқылы көрермендер елімізде мұндай ерекше тұқымдары да барын білді» - дейді Қайрат Исхан.

Сонымен қатар, прфоссор көрмеде қазақ жылқыларының түрлері де көрсетілгені біз үшін атап өтер жағдай екенін айтты.

«Қазақ жылқы тұқымдары: мұғалжар, көшім, қостанай жылқысы және жабы. Бүгінгі көрмеде бұл жылқыларға да кезек тиді. Әрине, еліміз бойынша алғаш ұйымдастырылғандықтан, кемшіліктері де жоқ емес. Алдағы уақытта жақсы жолға қойылады деп сенеміз» - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыдағы орталық атшабарда Қазақстанда алғаш рет жылқы көрмесі өтіп жатыр.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы