Жыл соңында суперкомпьютер іске қосылады

Жыл соңында заманауи технологияларды пайдалана отырып, суперкомпьютер іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз аланында Инновациялар дамыту департаменті директоры Дархан Мырзабаев айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдың соңына дейін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ және group 42 компаниясымен бірлесіп неғұрлым заманауи технологияларды пайдалана отырып, суперкомпьютер іске қосылатын болады. Суперкомпьютер жасанды интеллект модельдерін жасауға қызмет етеді. Сондай-ақ ғылыми, академиялық ортаға, жасанды интеллект өнімдерін жасауда коммерциялық мақсатта қол жетімді болады, бұл жасанды интеллект саласындағы есептеу ресурстарына сұраныстың артуына әкеледі,-деп атап өтті ол.

Бұдан басқа, технологиялық инфрақұрылымды (суперкомпьютер) іске қосу Қазақстанның Орталық Азиядағы АИ дамыту саласындағы көшбасшылығын айқындайды және отандық компаниялар мен көршілес елдер үшін есептеу қуаттарын жалға алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар министрлік сараптамалық қоғамдастықпен және ҚР Парламенті Мәжілісінің парламентаризм институтымен бірлесіп цифрландырудың басшылық қағидаттарын бекітетін тұтас салалық құжатты әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл құжат келесі блоктардан тұрады: жалпы ережелер (тұжырымдамалық аппарат, негізгі міндеттер мен принциптер, құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері, құқықтар мен міндеттер), негізгі бөлім (цифрлық үкімет, деректер, АИ, цифрлық инфрақұрылым және құралдар, киберқауіпсіздік).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы