Жыл соңында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 894 млрд теңгеге жетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында мал басы мен құс саны орта есеппен 6,2%, ет пен сүт өндіру көлемі 3,6% артты. Жыл басынан бері 1084 басқа арналған алты тауарлы-сүт фермасы, 550 басқа арналған үш бордақылау алаңы іске қосылды.
Бұл туралы бүгін облыс депутаттары алдында есеп берген облыс әкімі Амандық Баталовтың баяндамасында айтылды.
Облыс басшысының деректеріне сүйнесек, қазір облыста барлығы 82 ТСФ (25,7 мың бас) және 106 бордақылау алаңы (70,2 мың бас) бар, соның есебінен сүт зауыттарының жүктемесі 80%-ке, ет өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесі 66%-ке жеткен. Бір сөзбен айтқанда, халқының негізгі азық-түлікке деген сұранысын облыс өз өндірісімен жауып отыр, сонымен қатар экспорт та өсті.
9 айдың қорытындысы бойынша АӨК өнімдері 92,7 млн АҚШ доллары көлемінде экспортталып, 33% өсім көрсетті. Сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, ет пен сорпалық өнім, балық филесінің экспорты артқан, еттің барлық түрінен 3195 тонна экспортталды. Жыл соңына қарай ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 894 млрд. теңгені құрап, 2,2% өседі деп межеленіп отыр, ал еңбек өнімділігі 2,3 млн. теңгеге жетеді, - деді А.Баталов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Головкин – «Канело» ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақыты айтылды
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы