6 Қазан 2025, 07:55
Фото: gov/kz
Жыл соңына дейін Риддерде жаңа аурухана кешені ашылады
Риддер қаласында жаңа көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Риддер қаласында жаңа көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов 2025 жылдың соңына дейін ашылуы жоспарланған нысанның құрылыс барысымен танысты.
Жұмыс барысымен танысып, негізгі нысандар мен инженерлік желілердің дайындығын тексерді.
Кешен құрамында ауысымына 500 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория мен 200 төсектік стационарлық мекеме болады. Бұл Риддер қаласы мен оның маңындағы аудандардың тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін айтарлықтай жақсартады.
Әкімнің орынбасары құрылыстың барлық кезеңдерінде сапа стандарттарын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, мердігерге мерзімінде аяқтауды тапсырды.
- Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:31
- Абай облысында 14 инвестициялық жоба мақұлданды 08:12
- Сауда дауы: Канада америкалық тауарларға баж салығын көтерді 07:49
- 384 млрд теңге бөлінді: Қазақстанның алдағы жылыту маусымына дайындығы қалай? 07:30
- Елімізде бір тәулікте 12 орман өрті тіркелді 07:12
- Қазақстанда вакциналарды сақтау температурасы онлайн бақыланады 06:35
- Ұлыбританияда мұғалім YouTube-тағы іздеу тарихына байланысты сабақтан шеттетілді 05:18