Жыл соңына дейін Өскеменде 33 автобус сатып алынады
Өскеменде жыл соңына дейін 33 автобус сатып алынады. Ал 2023 жылы тағы 74 автобус әкелінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Altaynews жазды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 2021 жылы жолаушы тасымалдаушы компаниялар 18 жаңа көлік құралын сатып алған екен. Ал осы жылы әкелінген автобустардың саны – 34. Биыл көлік құрамын жаңартқан компаниялар - «Марат-М» ЖШС, «Каленицкий» ЖК, «Кривошеев» ЖК.
Жалпы, 2021 жылы 52 жаңа автобус алынған болатын. Бұл автобустар қалалық маршруттарда жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар, жолаушы тасымалдаушылар жыл соңына дейін тағы 33 автобус сатып алуды жоспарлап отыр: «Марат-М» ЖШС - 9, «VoSka» ЖШС - 10, «РОСТ» ЖШС - 10, «Өскемен қаласының көлік компаниясы» - 4 автобус.
Айта кетсек, бүгінгі таңда қалалық маршруттарда 175 автобус жұмыс істеп жүр. Олардың 10 жылға дейін жарамдылық мерзімдері бар: 459 автобус – 10-20 жыл, 80 автобус - 20 - 30 жыл.
2023 жылы жаңа 74 автобус әкелінеді деп жоспарланып отыр.