Жыл соңына дейін өңдеуші өнеркәсіп кем дегенде 4% өсім беруі тиіс – Қасымбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында ҚР индустриалдық-инновациялық дамуының үшінші бесжылдық жоспарын дайындау қажет екенін мәлімдеді.
«Жыл соңына дейін бағдарламаның барлық жоспарланған индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады. Бұған Елбасының қарапайым заттар экономикасы жобаларын және экспорттаушыларды қолдау бағдарламасын іске асыру бастамаларын жүзеге асыру ықпал ететін болады. Жыл қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіп кем дегенде 4% өсім беруі тиіс», - деп айтты Жеңіс Қасымбек.
Премьер-министрдің орынбасары 2019 жылы негізгі міндеттердің бірі индустрияландырудың үшінші бесжылдығын дайындау екенін атап өтті.
«Негізгі бағдар еңбек өнімділігі өсімі арқылы өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экспорттаушыларды қолдау және Қазақстан тауарларын сыртқы нарыққа шығару болады. Бұл құжат әлеуметтік бағдарланған болуы керек. Ішкі нарықты өңдеу өнеркәсібін жоғары сапалы отандық өнімдермен, соның ішінде халық тұтынатын тауарлармен толтыру арқылы әр қазақстандықтың өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал етуі тиіс», - деп сөзін түйіндеді Жеңіс Қасымбек.
Назерке АБИБУЛЛА
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы