Жыл соңына дейін ғалымдардың проблемасын шешетін заңға өзгерістер енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Ғылымды дамыту бойынша Мемлекет басшысы маңызды тапсырмалар берді. Бұл бастамалар еліміздегі ғалымдардың көптен бері көтеріп жүрген ауқымды проблемаларын шешеді. Ол үшін ең алдымен «Ғылым туралы» заңға биыл жыл соңына дейін қажетті өзгерістер енгізіледі. Заң жобасы дайын, - деді министр.
Аймағамбетов қандай өзгерістер енгізілетініне тоқтала кетті.
- базалық қаржыландыруға жетекші ғалымдардың жалақысын енгізу;
- арнайы іріктеу критерийлері бойынша іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру;
- гранттық қаржыландыру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту;
- Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдеріне апелляция институтын енгізу мәселелері де шешіледі.
Ол Президент қойған міндеттерді іске асыру үшін жүйелі және сапалы жұмысты атқаратынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы