Жыл соңына дейін 3500 педагог біліктілігін арттырады

Суицид пен зорлық-зомбылықтың алдын алу курстарынан жыл соңына дейін 3500 педагогтің біліктілігі арттырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы жылдың соңына дейін 3500-ге жуық педагог балалар арасындағы құқық-бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қолайлы тәрбиелеу ортасын қамтамасыз ету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Оқыту онлайн және офлайн жүргізіледі, ол орта мектептердің басшыларын, педагогтерін және педагог-психологтарын қамтиды.

Аталған білім беру бағдарламалары бойынша жыл басынан бері еліміздің әр өңірінен 7400-ден астам педагог қажетті білім мен дағдыларға ие болды.

Айта кетейік, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі аспектілерін қамти отырып, белсенді түрде жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы