Жыл соңына дейін 18 проблемалық нысанның үлескерлері баспаналы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордалық мәслихатта өткен тұрақты комиссияның отырысы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Алмат Сейтқұлов хабарлады. 

Сондай-ақ ол аталған құрылыс нысандары аяқталуы үшін қажетті қаражаттың бөлінгенін алға тартты.

Жылдың соңына дейін үлескерлік құрылыспен салынып жатқан 18 проблемалық нысанды аяқтау жоспарланып отыр. Ол үшін қажетті қаражаттар бөлінген. Осылайша, 7,5 мың үлескер өздерінің жаңа баспанасының кілтін иеленеді, - деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.

Айта кететін жайт, бас қаладағы проблемаларды шешу үшін арнайы жол картасы әзірленген. Ол 107 тармақтан тұратын 13 негізгі бағытты қамтиды. Оның орындалуы үшін 2021-2025 жылдарға арнап 878,8 млрд теңге қарастырылыпты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы