Жыл соңына дейін 140 мың адам газға қол жеткізетін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы халық алдында есеп берген ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев хабарлады.
Оның айтуынша, газдандыруға бөлінетін қаражат жыл сайын ұлғайып келеді.
Мәселен, былтыр 38,5 млрд теңге бөлініп, 51 газдандыру жобасы іске асырылыпты. 13,8 млрд теңге сомасына 19 жоба аяқталып, нәтижесігде елдімекендердің газдандыру деңгейі 53,07%-ға жеткен. Былайша айтқанда, 9,84 млн адам газға қол жеткізіп отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, талдау жұмыстары жүргізілді. Құны 302 млрд теңгеден асатын, пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне берілмеген 1 227 нысан анықталған. Халықты газдандыру үлесі биылғы жылдың соңына қарай 53,8%-ға жетеді деп күтілуде. 140 мың адам көгілдір отынның қызығын көреді деген сөз, - деді министр.
Бүгінгі таңда жалпы сомасы 91,8 млрд теңгеге 427 нысан берілген. Сондай-ақ 2021 жылы газ саласын дамытуға арналған жобалар жасау жоспарланып отыр. Осылайша, республикамыздың энергия ресурстарын тиімді пайдалануға және газ тарату желілерін салу кезінде бюджет қаражатын ұтымды бөлуге мүмкіндік туындайды.
Айта кетейік, бұған дейін министр бензин бағасының қымбаттауына қатысты жауап берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы