Жыл соңына дейін мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл соңына дейін мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы іске қосылады, деді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халық алдындағы есептік кездесуінде. 

Азамат компьютерде өтінімді толтырып, оны мобильді қосымша арқылы сканерлеп жібере алады. Қазір ЭЦҚ-ны ботта іске қосуды жүзеге асырып жатырмыз. Қосымша бағдарлама орнатпай-ақ, пайдалануға болады. Жаздың соңына дейін жобаны пилоттық жүйеде іске қосамыз деп ойлаймын, - деді ол. 
Оған қоса Жұмағалиев барлық мемлекеттік органға арналған бірыңғай интернет платформасын енгізу жоспарланып отырғанын айтты. 
Бұл азаматардың өтініштерінің негізінде қаралып отырған мәселе. Азаматтар кейде мемлекеттік органдардың сайтын таба алмағанын айтады. Біз электронды қызмет көрсету дамыған елдердің тәжірибесін қарап, оларда мемлекеттің органдардың бірыңғай платформасы жасақталғанын көрдік. Біз жергілікті органдардың қамтылуымен 310 мемлекеттік орган кіретін платформаны құрдық. Бүгінде платформа қажетті ақпаратпен толтырылып жатыр. Қазір онда 17 мемлекеттік органың сайты бар, оның ішінде 7 сайт жергілікті органға тиесілі. Жыл соңына дейін бірыңғай платформа пайдалануға беріледі, - деді ол.
Министр аталған платформа мемлекеттің шығындарды қысқартуға мүмкіндік беретінін айтты.  
Бірыңғай плтаформаны құру мемлекеттің шығынын 2 млрд теңгеге қысқартады, - деді Жұмағалиев.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы