Жыл соңына дейін Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл органның басты міндеті базалық ставка мен оның дәлізінің мөлшері жөнінде шешім қабылдау. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Жолдауын «ақша-кредит саясатына жаңаша қарау» міндетін қойғандығын атап өтті.
Қазіргі уақытта Ұлттық банк Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеуде. Ол ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға кедергі келтіретін жүйелік проблемаларды жоюға ықпал етеді, теңгеге және жүргізіліп отырған саясатқа деген сенімді арттырады, сондай-ақ тұрақты инфляцияны қамтамасыз ету арқылы Қазақстан экономикасына ұзақ мерзімді инвестициялар үшін болжамды орта қалыптастыруға ықпал ететін болады, - деді ол.
Валюта нарығының тиімділігін арттыру үшін Үкіметпен бірлесіп елге валюталық түсімді қайтарудың қосымша шаралары пысықталады және экспорттаушылардың оны іске асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы