Жыл соңына дейін 6 жаңа мультфильм ұсынылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ахмет Байтұрсынұлы, Ілияс Жансүгірұлы мен Халел Досмұхамедұлының еңбектері Ruh.kz порталының Youtube ресми арнасында шыққан "Білімқұмар Бейбарыс" танымдық мультфильмдер циклінде пайдаланылды.
"Жылан тілімен шаға ма, тісімен шаға ма?" атты бірінші шығарылым Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларының негізінде
жасалған. "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" атты екінші шығарылым Халел Досмұхамедұлының шығармаларына негізделген.
Алдағы уақыт Ілияс Жансүгіров секілді басқа да қазақ қайраткерлерінің еңбектері "Білімқұмар Бейбарыс" мультфильміне арқау болады, - деді порталдың бас редакторы Азамат Битан.Ол сондай-ақ, мультипликациялық цикл қазақ тіліндегі алты сериядан тұратынын атап өтті.
Басты кейіпкерлер мектеп оқушысы Бейбарыс пен Мейіржан қарапайым құндылықтарға назар аударады: ата - аналарды құрметтеу,Бас редактордың айтуынша, жобаның негізгі идеясы анимациялық фильмдер арқылы өскелең ұрпаққа гуманистік құндылықтарды насихаттау, мейірімді болуға үндеу, білім алуға шақыру, дүниені ана тілінде жетік танып білуге үйрету болып табылады.
қоршаған ортаға ұқыпты қарау, білім мен ғылымға ұмтылу, - деді Азамат Битан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Төтенше жағдай: Өтпей қалған іс-шаралардың қаржысы не болды?
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы