Жыл сайын сапасыз тағамнан 600 млн адам дертке шалдығады
Астана, BAQ.KZ. БҰҰ сапасыз азық-түліктен туындаған инфекциялық пен онкологиялық аурулардың өсуіне алаңдап отыр. Бұл туралы 24kz хабарлайды.
12-13 ақпанда Эфиопия астанасы Аддис-Абебада алғаш рет тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша Халықаралық конференция өтеді. Осы форум қарсаңында БҰҰ-ның Азық-түлік пен ауыл шаруашылық ұйымы және Дүниежүзілік денсаулық ұйымы тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне байланысты мәселені жаһандық деңгейде жедел шешуге шақырып отыр.
Осы ұйымдардың мәліметінше, жыл сайын сапасыз азық-түлікті тұтынудың салдарынан әлем бойынша 600 миллион адам дертке шалдығып жүр. Бұл – денсаулыққа үлкен қатер төндіретін аурулар. Осы мәселенің жаһандық деңгейін ескеріп, бір ай бұрын БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Бас Ассамблея депутаттары 7 маусымды тағам өнімдері қауіпсіздігінің бүкіләлемдік күні деп жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
"Теңге 100 есе құлдырады". Ұлттық валютаға сұраныс неге аз?
Өзгелердің жаңалығы